№60 «Қызылқұм» жалпы орта мектебі»коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Мектеп асханасы»айдарында
27 қаңтар мен 27 ақпан аралығында өткізілетін іс-шара жоспары
№ |
Атқарылатын іс-шаралар |
Мерзімі |
Жауапты |
1 |
Жетісай ауданының білім бөлімінің 2020 жылы 28 қаңтардағы №231 санды хатпен берілген тапсырмаға сәйкес 2020 жылы мектептегі тамақтандыру сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі комиссия құрамын бекіту |
28.01.2020 ж |
Мектеп директоры |
2 |
ҚР Білім және ғылым минстрлігінің 2018 жылғы 31 қазандағы №598 бұйрығымен бекітілген Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру,сондай-ақ мектепке дейінгі ұйымдарда, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және білім алатын балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етумен байланысты тауарларды сатып алу қағидаларының 3 параграфының 64-71 тармақтарына сәйкес жұмыстарды жүргізу |
31.01.2020 ж |
Комиссия төрайымы Комиссия мүшелері |
3 |
ҚР Денсаулық сақтау минстрінің 2017 жылғы 16 тамыздағы №611 бұйрығымен бекітілген «Білім беру обьектілеріне қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» санитарлық қағидаларының 7-тарау 101-123 тармақтарының орындалуын толық қамтамасыз ету |
Күнделікті |
Медбике Әлеуметтік педагог |
4 |
Перспективалық мәзірге сәйкес күн сайын алдағы күнге ас мәзірін бекіту |
Күнделікті |
Медбике Аспазшы |
5 |
Мектептегі тамақтандыру сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі комиссиясы күнделікті тамақ өнімдерінің сапасына,тағамдарды дайындау технологиясына, тоңазытқыш-технологиялық жабдықтардың жарамдылығына,азық-түлік және дайын тағамдарды сақтау мерзімдері мен шарттарының сақталуына мониторинг жүргізу |
Күнделікті |
Комиссия төрайымы Комиссия мүшелері |
6 |
Мектептегі тамақтандыру сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі комиссиясы күнделікті тамақ өнімдерінің сапасына органолептикалық бағалау жүргізу нәтижелерін комиссияның хаттамасымен және актілерімен рәсімдеу |
Күнделікті, мерзімінде |
Комиссия мүшелері |
7 |
«Мектептік тамақтану» айдарын ашу және білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша ақпаратты жүйелі түрде орналастыру |
Күнделікті |
Әлеуметтік педагог |
8 |
Қызметті жеткізушінің ай сайын орта білім беру ұйымының басшысына ұсынған өнімнің сапасы мен қауіпсіздігін куәландыратын құжаттарды және білім алушылар үшін пайдаланатын тамақ өнімдерінің тізбесі туралы мәліметтерді сақтау және талап ету |
Ай сайын |
Комиссия төрайымы Аспазшы Медбике |
9 |
Мектептегі тамақтандыру сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі комиссия жұмысының қорытындыларын тоқсан сайын кейін оларды білім беру ұйымының педагогикалық кеңесінде қарау және орта білім беру ұйымының интернет-ресурсында орналастыру үшін ақпарат түрінде рәсімдеу |
Күнделікті |
Комиссия төрайымы Комиссия мүшелері |
10 |
Қоғамдық тамақтану ұйымдарында пайдалануға және дайындауға жол берілмейтін азық-түлік өнімдерінің тізімін асханаға іліп қою |
31.01.2020 ж |
Әлеуметтік педагог |
11 |
Күн сайын медицина қызметкері немесе жауапты адам осы Санитарлық қағидаларға 9-қосымшаның 3 –нысанына сәйкес тағамдардың және аспаздық өнімдердің сапасын органолептикалық бағалау жүргізу |
Күнделікті |
Медбике |
12 |
Тамақтану сапасын мерзімдік бағалауды бракераж комиссиясын құру және күнделікті жұмыс жүргізу |
Күнделікті |
Комиссия төрайымы Комиссия мүшелері |
13 |
Күн сайын ас блогында аспазшы нақты ас мәзіріне сәйкес дайын өнімнің тәуліктік сынамасын қалдыруын қадағалау |
Күнделікті |
Медбике Аспазшы |
14 |
Бракераж журналының жүргізілуі |
Күнделікті |
Медбике |
15 |
«С витаминдеу» журналын жүргізу |
Күнделікті |
Медбике |
16 |
Тез бұзылатын тамақ өнімдерінің сақтау температурасы төмен тоңазыту жабдықтарында және (немесе) тоңазыту камераларында және ( немесе)тоңазытқыштарда жүзеге асырылуын қадағалау |
Күнделікті |
Медбике |
Дайындаған әлеуметтік педагог: Урустембекова А
Асхана жағдайын тексеру туралы
Акт
Біз төменде қол қоюшылар,бракераждық комиссия құрамы:
Кекилова Ж-комиссия төрайымы,мектеп директоры
Бастерова Г-комиссия мүшесі,директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
Уразбекова А-комиссия мүшесі,медбике
Издибаева Б-комиссия мүшесі,ата-ана комитетінің төрайымы
Урустембекова А-комиссия мүшесі,әлеуметтік педагог
2020 жылдың 27 қаңтар күні мектеп асханасының тазалығын,санитарлық жағдайын, қабылданған өнімдердің сапасын айқындайтын сертификатын және дайын тамақтың сапасын тексердік.Тексеру қорытындысы бойынша асхананың тазалығы қанағаттанарлық деңгейде, санитарлық нормаларға сай екендігі және дайын тамақтың сапасы жақсы екендігі анықталды.
Мектеп медбикесі қабылданатын өнімдердің сапасына, оларды сақтау шарттарына, өткізу мерзімдерінің сақталуына,дайындау технологиясына күнделікті тексеру жүргізіп тіркеп отыратындығы анықталды.
Комиссия төрайымы: Кекилова Ж
Мүшелері: Бастерова Г
Уразбекова А
Издибаева Б
Урустембекова А