Тамақтандыру сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі комиссияның отырысы
№ 3 хаттамасы
Күні: 3.02.2020 ж
Комиссия отырысына қатысқандар:6 адам
Күн тәртібінде:
1.Мектептегі оқушыларды тамақтандырудың сапасына мониторинг жөніндегі комиссия мүшелерінің есебі.
Сөз сөйлегендер:
Мектеп медбикесі-Уразбекова Айсара сөз сөйледі.Ол өз сөзінде мектеп асханасында әзірленген тамақтар мен тағамдардың сапасы күнделікті тексеріліп, арнайы Бракераж журналына тіркеліп отырады.Мектеп асханасы талапқа сай жұмыс жасайды.
Тамақтандырудың сапасы, жақсы, Асхананың тазалығы санитарлық-гигиеналық нормаларды сақтайды.Асхана қызметкерлерінің денсаулығы күнделікті тексеріліп, журналға тіркеледі.Бақылау тағамы,тәуліктік сақтау нормалары сақталды.Азық-түліктің сертификаттары бар.Өнімдер дұрыс сақталады.
Әлеуметтік педагог-Урустембекова Айгерім сөз сөйледі.Ол өз сөзінде ҚР Білім және ғылым минстрлігінің 2018 жылғы 31 қазандағы №598 бұйрығымен бекітілген «Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру,сондай –ақ мектепке дейінгі ұйымдарда жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және білім алатын балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етумен байланысты тауарларды сатып алу қағидаларының 3 параграфының 64-71тармақтарына сәйкес жұмыстар жүргізіліп жатқанын айтып өтті.
Күнделікті оқушыларға берілетін тамақ бекітілген ас мәзірне сәйкес әзірленеді.Ата-аналар тарапынан шағымдар түскен жоқ.
Комиссия мүшелері асхана жұмысын жан-жақты тексеріп, төмендегідей қаулы қабылданды.
Қаулы:
1.Мектеп оқушыларының асханада тамақтануын тамақтандырудың сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі комиссияның бақылау жұмысы жалғастырылсын.
Комиссия төрайымы: Кекилова Ж
Хатшы: Урустембекова А
№60 «Қызылқұм» жалпы орта мектебі»коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Бракераж комиссия отырысының
Хаттамасы№3
Күні:28.01.2020 ж
Қатысқандар:5 адам
Күн тәртібінде:
1.Оқушылардың мектеп асханасында бір мезгіл ыстық тамақпен қамтылуы.
2.Асхананың санитарлық жағдайы, асхана жұмысшыларының тазалығын,денсаулығының санитарлық талаптарының орындалуы.
Тексеру мақсаты: Мектеп асханасында оқушылардың бір мезгіл ыстық тамақпен қамтылуын қадағалау.Асхана ішінің тазалығы және қызметкерлердің денсаулығын бақылау.
Тыңдалды:
Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша әлеуметтік педагог А.Урустембекова сөз сөйледі. Биылғы оқу жылына арналған оқушыларға ыстық тамақ ұйымдастыруға іс-шара жоспары жасалынған.Осы оқу жылына арналған бұйрық шығарылып, бұйрық негізінде комиссия құрылғанын, жауапты адамдар бекітілгенін.Асхана жұмысының дұрыс ұйымдастырылуын,тамақтың сапасын тексеру үшін бракераж комиссиясы құрылғанын,бір мезгіл тегін ыстық тамақпен аз қамтамасыз етілген отбасы балаларының 23 оқушы қамтылғанын айтып өтті.
Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша медициналық қызметкер А.Уразбекова сөз сөйледі. Өз сөзінде асхананың санитарлық жағдайы нормаға сай, «Астарыңыз дәмді болсын!», «Дұрыс тамақтану» бұрышы ұйымдастырылғанын, ең негізгі құжаттардың бірі-мәзір.Мәзір-белгілі бір күні көрсетілген,сол күнгі тағамдар мен сусындар тізбесі жасалынып отыратындығын,аспазшылардың денсаулығын тексеріп,шикізат пен дайын тағамдардың жағдайына күнделікті бақылау жүргізіп отыратындығын,асхананың санитарлық жағдайы, аспаздардың сыртқы киім үлгісі, барлық санитарлық талапқа сай ыдыстармен қамтылуы және ыдыс жуатын бөлменің жай –күйі қанағаттанарлық деңгейде, асхана барлық қажетті құрал-жабдықтармен жабдықталған.көкөніске арналған және дайын өнімдерге,шикізаттарға арналған пышақтары жасалынған.Шағымдар мен ұсыныс кітабы жүргізіледі.Қол жуатын арнайы орындар жабдықталғанын айтып өз сөзін қорытындылады.
Шешімі:
1Асхананың санитарлық жағдайы,асхана жұмысшыларының тазалығы және денсаулықтарының, санитарлық талаптарының орындалуы үнемі бракераж комиссиясының бақылауында болсын.
Комиссия төрайымы: Кекилова Ж
Комиссия мүшелері: Бастерова Г
Уразбекова А
Издибаева Б
Урустембекова А
Тамақтандыру сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі комиссия жұмысының қорытындысы бойынша
Анықтама
Мерзімі: Ақпан
Комиссия мүшелері тамақтандырудың сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі комиссия мүшелері дайын тағамдардың тағамның сапасына оргонелептикалық бақылауды жүргізіп отырады.
Санитарлық қағидалармен бекітілген нысан бойынша дайын өнімнің сапасына бақылау журналын жүргізу талап етіледі.Қағидаға сәйкес тамақтану сапасын мерзімдік бағалауды бракераж комиссиясы жүргізеді.Оның құрамына директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г.Бастерова әлеуметтік педагог А.Урустембекова,медбике А.Уразбекова мектеп директорының бұйрығымен бекітілген.Бракераж комиссия мүшелері азық-түліктердің сапасын тексеріп қабылдайды.Алынған азық-түліктердің сақталу мерзімін растайтын сертификаттары талап етілген.Ыстық тамақпен қамтылған оқушылардың тамақтануы күнделікті қадағаланып, бракераж журналына тіркеледі.Асхананың іші таза,жарық санитарлық жағдайы қанағаттанарық,үстелі жеткілікті.Асханада пышақтар,тақтайшалар толық таңбаланылмаған шикі-азық түліктерге, нан өнімдері мен көкөністерге арналған орындар 1 пайыз уксус ерітіндісімен өңделген.Асханада күнделікті тамақтың тәуліктік сынамасы мектеп медбикесімен алынып тұрады.Тамақтың санитарлық талаптарға сай болуына медбике А.Уразбекова жауапкершілік жүктелген.Шеті сынық ыдыстарды аспазшылар қолданып жүрген жоқ,ыдыс жуу тәртібі ережесі сақталған.І ауысымда дайындалған ас мәзірі санитарлық талапқа сай 2 сағаттан кейін мүлде төгіліп тастауын қадағаланады.Оқушылардың жас ерекшелігіне байланысты тамақ өнімдері таразымен өлшеніп таратылып отырады.
Ұсыныс:Асханада пышақтар,тақтайшалар толық таңбаланылсын,белгіленген орындарға ілуін қадағалансын.Асхана жұмысының дұрыс ұйымдастырылуын,тамақтың сапасын тексеру үшін ай сайын рейдтер ұйымдастырылсын.